Мен, Нысанбаева Гүлмира Нұралықызы, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры ретінде, табиғатты сақтау мен оны келешек ұрпаққа аманаттау жолында атқарылып жатқан кез келген игі істі қолдаймын!
Елімізде бастау алған «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» атты экочеллендж — табиғатты аялауға шақыратын маңызды бастама. Бұл — әрбір азаматтың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетудің жарқын жолы.
⠀
🍃 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — еліміздің табиғи жауһары, баға жетпес байлығы. Оның ерекше экожүйесі, алуан түрлі өсімдіктері мен жануарлары — біздің ұлттық мақтанышымыз. Осы табиғи мұраны сақтау — менің кәсіби міндетім ғана емес, жүрек қалауым!
⠀
✅ Біз ұлттық паркте:
– Қоқысты сұрыптап жинау,
– Экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу,
– Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғау,
– Жас ұрпаққа экологиялық білім беру секілді жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеміз.
🌍 Күнделікті өміріміздегі қарапайым әрекеттер — суды үнемдеу, қалдықты сұрыптау, ағаш отырғызу— бәрі табиғатқа деген қамқорлықтың айқын көрінісі.
📣 Сол себепті, баршаңызды осы экочелленджге қатысуға, өз үлестеріңізді қосуға шақырамын! Табиғатты бірге қорғайық!
#табиғаттысақтауғақосқанүлесім #экологияғақосқанүлесім