?Республика бойынша еліміздің әр өңірінде “Таза Қазақстан” экологиялық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шаралардың бекітілген жол картасы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде “Мөлдір бұлақ” акциясы өткізілді.
?Акция аясында ұлттық парк аумағындағы бұлақ көздері ашылып, бастау бастарына, бұлақ айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
?Аталмыш акция табиғатымызды қорғау, сонымен қатар жабайы жануарларға да қамқорлық көрсетуді көздейді.
✨Бұлақ көрсең, көзін аш!✨