Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ерен тоғайы аумағында 108 шақырымдық минералдандырылған жолақтарға күтім жұмыстары жүргізілді. Бұл — орман өрттерінің алдын алу бағытындағы маңызды профилактикалық шара болып табылады.
Минералдандырылған жолақ — бұл топырақтың беткі қабаты механикалық түрде өңделіп, барлық жанғыш материалдардан тазартылатын арнайы жолақ. Ол өрттің таралуын тоқтатуға немесе баяулатуға арналған.