Skip to content

Орманды өрттен сақтайық!

?Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Әрбір ағаш, әрбір бұта мен жануар – экожүйенің ажырамас бөлігі. Адамзаттың немқұрайлы әрекетінің салдарынан жыл сайын мыңдаған гектар ормандар өртке оранады.

?Табиғат аясында демалғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

?Орманда қатаң тыйым салынады:

❌Жанып тұрған темекі қалдықтары, сіріңке тастауға;

❌Арнайы жабдықталмаған жерде авто көлік қоюға;

❌Майланған немесе жаңғыш заттарды сіңірген материалдарды тастауға;

?ОТ ЖАҒУҒА БОЛМАЙДЫ
?Боранды, желді күндері;
?Кепкен шөп бар жерлерде;
?Бүлінген орман учаскелерінде

Өрт байқаған жағдайда, төмендегі номерлерге хабарласыңыз:

8 72778 2 32 62
101 112