Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 20-шы наурыз күні “Парктер шеруі-2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп оқушылары “Табиғатты аялайық! тақырыбында экологиялық тәрбиеге бағытталған көріністер қойып, өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, барша халықты, оқушыларды табиғатымызды аялап, қоршаған ортамызды қорғауға шақырды.
“Изим Искандеров атындағы мектеп” оқушыларынан құрылған “Мектеп орманшылығы” клубының мүшелері салтанатты ант қабылдап, ұлттық парк директоры Г. Нысанбаева жас орманшыларға куәліктерін табыстады. Іс-шара аясында мектеп түлектерімен бірге тұқым отырғызу, мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Салтанатты шара мектеп ауласына 20 дана құс ұяларын орнатумен жалғасын тапты.
«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы 1997 жылдан бастап 20-сы наурыз бен
5-ші маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде аталып өтіледі.
«Парктер шеруінің» мақсаты – қоғамды, үкіметті, халықты, табиғатты қорғауға, экологиялық проблемаларды көруге шақыру, елімізде экологиялық мәдениет пен білім деңгейін көтеру, жас ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық қасиеттерін сіңіру.
✨Баршаңызды табиғат анамызды қорғау, туған өлкеміздің табиғатын
аялап, “Парктер шеруі” акциясына белсене қатысуға шақырамыз!✨