Skip to content

Сартоғай аумағында браконьерлік фактісі анықталды

2025 жылғы 10 маусымда сағат 21:30 шамасында ерекше қорғалатын табиғи аумақ – “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің” Сартоғай аумағында ұлттық парк қызметкерлері Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, заңсыз аң аулауды жүзеге асырды деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны 1971 жылы туған азаматты ұстады.

Оқиға орнын тексеру барысында: жабайы жануардың еті, аңшылық балта, тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ жануардың терісі табылып, тәркіленді. Тәркіленген биологиялық объектілер олардың түрге жататындығы мен шығу тегін анықтау үшін сот-биологиялық сараптамаға жіберілді.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы, 4-бөлігі, 1 және 2-тармақтары (заңсыз аң аулау) бойынша №251966030000946 қылмыстық іс қозғалды.

Аумақтағы жедел жағдай тұрақты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *