? Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аумағында орнатылған фототұзақ құрылғысы арқылы жабайы жануарлар дүниесіне қатысты ерекше кадр түсірілді. Кадрда – қазақ даласына тән кәдімгі түлкі.
? Кәдімгі түлкі немесе Vulpes vulpes — жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң. Жүні қалың әрі жұмсақ, реңі маусымға байланысты өзгереді. Құйрығы ұзын, қара қоңыр құлақты, сарғыш жирен түсімен ерекшеленеді. Орман шеттері мен өзен-көл маңдарын, аңыздар мен тау баурайларын мекендейді. Түнде белсенді, ал күндіз інінде жатады.
Оның қорегіне 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері кіреді. Негізінен тышқандармен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Бұл жануарлар экожүйенің маңызды бөлігі болып табылады.
?️ Бұл бейнематериал Шарын ұлттық паркінің биоәртүрлілігін сақтау және бақылау мақсатында орнатылған құрылғылардың маңызын көрсетеді. Мұндай деректер табиғатты зерттеуге және қорғауға маңызды үлес қосады.