Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстанның бірегей табиғи қазынасы. Бұл өңір тек әсем ландшафттарымен ғана емес, сонымен қатар сан алуан тіршілік иелерінің мекенімен де ерекше. Бауырымен жорғалаушылар да сол табиғи әртүрліліктің маңызды бөлігі болып табылады.
Шарын ұлттық паркінің құрғақ, тасты, әрі жартасты жерлері — бауырымен жорғалаушылар үшін өте қолайлы орта.
🐍Сарыбас жылан (Natrix natrix)— усыз жыландардың бір түрі. Орманды, далалы және таулы аймақтарда жиі кездеседі. Ересек сарыбас жыландардың ұзындығы 1 метрге дейін жетеді.
Түсі: арқасы сұр, қоңыр немесе қара болып келеді, ал басының артқы жағында сары не ақшыл дақтары болады — осыдан «сарыбас» деген атау шыққан.
✅Қызықты дерек:
Сарыбас жылан қауіп төнгенде өзін өлі сияқты етіп көрсетіп, қозғалыссыз жата қалады немесе жағымсыз иіс шығарады — бұл оның қорғану тәсілі.
🦎Агама — кесірткелер тұқымдасына жататын бауырмен жорғалаушы.
Ерекшеліктері:
Күндізгі жануар, көбіне күндіз белсенді.
Түстері жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін: күнге қызған кезде түсі қанық, ашық бола түседі.
🦎Геккон — ұсақ денелі, түнде белсенді болатын кесіртке түрі.
Ерекшеліктері:
Табанындағы арнайы жабысқақ жасушалар арқылы тік қабырғада және төбеде еркін жүре алады.
Қауіп төнсе, құйрығын өздігінен тастап кетеді (автотомия), кейін құйрығы қайта өседі.
Кейбір түрлері дыбыс шығара алады — бұл бауырмен жорғалаушылар ішінде сирек кездесетін қасиет.
✍🏻Ғылым бөлім