2025 жылдың 19-шы маусымында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Шарын ерен тоғайы” туристік бағытында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кене энцефалитіне қарсы дәрілеу шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстар табиғат аясында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кенелер арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.