Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Орта Азия құндызы алғаш рет тіркелді.

Шарын МҰТП Сартоғай аумағында фототұзақ арқылы Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануар – Орта Азия құндызы тіркелді.
Бұл ерекше оқиға табиғат қорғау саласындағы маңызды жетістік болып табылады.

Орта Азия құндызы – саны күрт азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына 2-санатпен енгізілген. Жануардың сирек кездесуі мен оның тіршілік ету ортасының қысқаруы осы түрді қорғау шараларын күшейтуді талап етеді.

Бұл құнды дерек Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарының тиімділігін көрсетеді. Орта Азия құндызының парктің аумағында тіркелуі – табиғат қорғау шараларының және экожүйе мониторингінің нәтижесі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *