Skip to content

🌱ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕ КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ…

🌱ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕ КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

🎋Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің уақытша орман тұқымбағында көктемгі көгалдандыру жұмыстарына арналған терек пен тал қалемшелерін (черенки) дайындау қарқынды жүргізілуде.

Бұл – көзге көріне бермейтін, бірақ үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін еңбек.
Тұқымбақта жайқалып өсіп тұрған әрбір көшеттің артында ондаған адамның маңдай тері, уақыты мен табиғатқа деген жанашырлығы жатыр.

Дайындалған қалемшелер көктемге дейін арнайы әдіспен мұз астына көміліп сақталады. Мұндағы басты мақсат – қалемшелердің бүршіктерін “ұйықтатып”, олардың табиғи тіршілік ырғағын сақтап қалу.

Бұл әдіс көктем келгенде қалемшелердің тез бейімделіп, тамыр жайып, берік әрі сапалы көшет болып өсуіне мүмкіндік береді.