Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы А. Құсайыновтың қатысуымен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қарау аймақтарында көктемгі шолып тексеру және орман өсіру жұмыстарына арналған тақырыптық тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында орманды қалпына келтіру, көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарының барысы, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары назарға алынды.