Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгіліндегі далалық бақылау жұмыстары…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгіліндегі далалық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бақылау барысында қар жамылғысының қалыңдығы өлшеніп, жануарлардың қар бетінде қалған іздері тіркелді.

🌨️Қыс мезгілі – табиғат үшін ең күрделі кезеңдердің бірі. Қалың қар мен аяз жабайы жануарлардың тіршілігіне тікелей әсер етеді.
Жануарлардың іздері арқылы олардың қозғалыс бағыты, мекендеу аумағы мен белсенділігі анықталады. Ал қар жамылғысының қалыңдығын бақылау – қысқы биотехникалық іс-шараларды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

🐾Ақ қардың үстіндегі әрбір із – табиғаттың бізге қалдырған үнсіз белгісі.