📅 2025 жылғы 26 қыркүйекте Шарын шатқалында су құбырының нысаны іске қосылды.
💧 Су құбыры «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің бірлескен жобасы. 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС арасында 2024–2046 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар туралы жол картасы бекітілген.
✨ Аталған жоба аясындағы бірлескен қызметтің нәтижесінде бүгінде «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытына тартылған 20 шақырымдық су құбырының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
✅ Сонымен қатар ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарларды суаттармен қамтамасыз ету мақсатында 5 шақырым аумаққа су құбыры тартылды.




