Skip to content

🚨Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт сөндіру оқу-жаттығуы өтті.

2025 жылдың 21-ші сәуірінде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өрт сөндіру құрамына орман өрттерін жою кезінде жедел әрекет ету дағдаларын қалыптастыру мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу жаттығу жұмыстарына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Орманбеков Нурлан Әуелбекович қатысып, ұлттық парк директоры Гүлмира Нысанбаева өрт сөндіру құрамына жедел әрекет ету, арнайы өрт сөндіру техникалары мен құрал жабдықтарының дайындығы жайлы нақты тапсырмалар берді.

Оқу барысында мамандар арнайы техникалармен және қорғаныс құралдарымен жабдықталып, нақты іс-қимылдарды пысықтады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *