Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде “Парктер шеруі–2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.
“Жасыл Наурыз” тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара табиғатқа жанашырлық пен экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталды. Шара барысында мектеп оқушылары ерекше белсенділік танытып, тұрмыстық қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесін ұсынып, өздері салған суреттері мен табиғатты қорғау тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шараның мазмұнды жалғасы ретінде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар бірлесе ағаш көшеттерін отырғызды.











