2025 жылғы 26 қыркүйекте парк аумағында заманауи қызметтік кардонның салтанатты ашылуы өтті.
👮♂️ Жаңа нысанда мемлекеттік инспектор отбасымен бірге тұрақты түрде тұратын болады. Кардонның ерекшелігі – оның көпфункционалдығында: ғимараттың бір бөлігі туристерді қабылдауға бейімделген. Бұл инспекторлардың жұбайлары үшін жұмыспен қамтылу мүмкіндігін туғызып, өңірдегі туризмнің дамуына ықпал етеді.
🔷 Кардон құрылысы ұлттық парк қызметкерлерінің өз күшімен, ешбір мердігер ұйымдардың қатысуынсыз жүзеге асырылды.
🔹 Осыған ұқсас жоба бойынша алдағы уақытта еліміздегі өзге де табиғатты қорғау мекемелерінде кардондар салынатын болады.
📍 Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 350-ден астам кардон жұмыс істеп тұр, ал 2027 жылға дейін тағы 20 жаңа нысан салу жоспарлануда.






