Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Ғылым” бөлімінің басшысы төсбелгісімен марапатталды.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Ғылым” бөлімінің басшысы Абдуллаев Бақыт Абдуманапұлы Ресей Федерациясының Орман шаруашылығы федералдық агенттігінің 01.10.2025 жылғы № 355 бұйрығына сәйкес, Орманды қорғау қызметін дамыту мен қалыптастыруға қосқан үлесі, орманды қорғау және молайту саласындағы жемісті еңбегі мен сіңірген еңбегі үшін “Орман қорғау қызметіне 85 жыл”төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – орманды қорғау және молайту саласындағы абыройлы еңбектің, кәсіби біліктілік пен табиғатты аялаудағы жауапкершіліктің айқын көрсеткіші.
Бақыт Абдуманапұлын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, табыстарыңыз толастамасын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *