Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым бөлімінің мамандары Қазақ ұлттық…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым бөлімінің мамандары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің аға оқытушысы Шыныбеков Мұрат Кенжебекұлымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеу жұмыстары Сартоғай учаскесінде, Шарын өзені маңында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат — соғды шағанының табиғи жаңаруына жәрдемдесу және ғылыми тәжірибе жүргізу.

Осы мақсатта арнайы сынақ алаңдары құрылып, әртүрлі орман типтерінде және табиғи жағдайларда (құмды, ылғалды, құрғақ топырақтарда) соғды шағанының тұқымдары себілді.

Бұл жұмыстар сирек кездесетін өсімдік түрін сақтау, оның табиғи ортада қалпына келуін зерттеу мақсатында жүргізілді.