Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Ұйғыр аудандық прокуратурасымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізді.

“Заң мен тәртіп” тұжырымдамасының аясында туристер көп шоғырланатын орын – “Шарын шатқалы” туристік бағытының аумағында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, туристерге өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығы жайлы ескерту парақшалары таратылды.

Табиғат аясында демалғанда заң мен тәртіп ережелерін сақтаңыздар!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *