Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары оқушыларға өрт қауіпсіздігі жөнінде сабақ өтті

2025 жылы мамыр айында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Орман өрт сөндіру станциясының басшысы Б. Кенже мектеп оқушыларына “Орман өрттерінің алдын алу” және “Өрт қауіпсіздігі ережелері” тақырыптарында танымдық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға орманда өрттің шығу себептері, оны болдырмау жолдары және өрт болған жағдайда қалай әрекет ету қажет екені туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінді.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *