Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен және Қонаев қаласының жедел құтқару жасағымен бірлесіп, “Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары” туристік бағытында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында туристерге қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді. Сонымен қатар, ұлттық парк аумағында өзін ұстау мәдениеті, табиғатты қорғау және тазалықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




