Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары және орман өрт сөндіру станциясының қызметкерлері дене шынықтыру даярлығы бойынша бақылау нормативтерін тапсырды.
Сынақ барысында қызметкерлер өздерінің физикалық дайындығын, төзімділігі мен күш-қуатын көрсетті. Мұндай шаралар қызметкерлердің кәсіби қабілетін арттырып қана қоймай, орман өрттерін сөндіру кезіндегі жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Табиғатты қорғау – тек білім мен тәжірибені ғана емес, мықты денсаулық пен жоғары дайындықты талап етеді.