Skip to content

📍Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Орман өрт сөндіру станциясын Алматы…

📍Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Орман өрт сөндіру станциясын Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы А. Байғазаков өрт қаупі жоғары маусымға дайындығын тексерді.

Тексеру барысында өрт сөндіру техникасының, құрал-жабдықтардың дайындығы, өртке қарсы инвентарьлардың толықтығы және қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сай әзірлігі қаралды. Сонымен қатар, орман өрттерінің алдын алу және жедел әрекет ету шаралары пысықталды.