Skip to content

📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Темірлік аймағында фототұзаққа Қазақстан Республикасының…

📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Темірлік аймағында фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш — тас сусары тіркелді.

Тас сусары – таулы және жартасты аймақтарды мекендейтін, өте епті әрі сақ жыртқыш сүтқоректі. Ол негізінен түнде белсенді болып, кеміргіштермен, ұсақ құстармен, жәндіктермен және өсімдік жемістерімен қоректенеді.
Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауда тас сусарының рөлі зор: ол зиянкес кеміргіштердің санын реттеуге көмектеседі.
Ұлттық парк аумағында мұндай жануарлардың болуы – экожүйенің саулығының бір көрсеткіші.