Skip to content

📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үлкен Бұғыты аумағында орнатылған фототұзақ құрылғысына тіркелген – кекіліктер

Кекілік – орташа денелі тауық тұқымдастардың өкілі. Ақ тамақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты ашық өңді құс. Тұмсығы және аяғы – ашық қызыл түсті.
Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктермен қоректенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *