Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында инспекторлар рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабіна енген сақалтайды кездестірді. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына 3-ші санат бойынша енгізілген. Бұл жыртқыш құстардың ең ірі түрлерінің бірі, салмағы 6кг-ға дейін жетеді, ал қанаттарының құлашы 275 см құрайды.