🔰Парк аумағында тіршілік ететін бунақденелілерді анықтау мақсатында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімі мамандары мен ҚР ҰҒА-ға қарасты «Зоология» институтының Энтомология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Есенбекова Перизат Абдықаиырқызы және аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Каримова Дамира Бейбітқызы бірлесіп далалық энтомологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
🔰Зерттеу барысында парк аумағындағы әртүрлі биоценоздарға тән бунақденелілер жиналып, олардың түр құрамы мен таралу ерекшеліктері бойынша алғашқы бақылау деректері алынды. Жиналған материалдар әрі қарай зертханалық өңдеуден өткізіліп, жүйеленеді және парк аумағының энтомофаунасын ғылыми тұрғыда бағалауға негіз болады.
🔰Жәндіктер жайлы қызыкты деректер:
🐛Жәндіктер — Жер бетіндегі ең көп таралған жануарлар тобы. Олардың 1 миллионнан астам түрі белгілі, бірақ ғалымдар бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді.
🦋• Көбелектердің дәм сезу мүшелері аяқтарында орналасқан.
🐜• Құмырсқалар илеу ішінде бір-бірімен химиялық заттар арқылы “сөйлеседі”.
🪰• Шыбындар секундына 200 рет қанат қаға алады.
🪲• Қоңыздар — планетадағы ең көп түрге ие жәндіктер.
Жәндіктер экожүйеде маңызды рөл атқарады: олар тозаңдандырады, топырақты қопсытады, азық тізбегінің бір бөлігі болып табылады.