📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында алғаш рет Қазақстанның Қызыл кітабына енген орман қарақасы (Dryomys nitedula) кадрға түсірілді.
Бұл сирек кездесетін кеміргіш алғаш рет парк аумағынан нақты құжатталып отыр. Орман қарақасы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, жойылып бара жатқан сүтқоректілердің бірі. Оның тіршілік ету ортасына ормандардың жойылуы мен климаттың өзгеруі қауіп төндіреді.
Орман қарақасының денесі – үстіңгі жағы сарғыш-қоңыр, астыңғы жағы ақшыл, үлпілдек ұзын құйрығы және көзінің үстінен өтетін қара жолағы – оны оңай тануға мүмкіндік береді.

