ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жыл 14 қыркүйектегі N 257-Ө және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі N 493 “Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы” бірлескен бұйрығына сәйкес, орман өрттерінің алдын алу, оларды сөндіру, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Орман шаруашылығы жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Ж.Умаров, Ұйғыр ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.Махпиров және Шонжы ауылындағы N6 Өрт сөндіру бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Т.Мусаевтың қатысуымен оқу сабағы жүргізілді.