🌱Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің уақытша орман тұқымбағында (питомнигінде) орманды қалпына келтіру және экожүйені сақтау мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар жүргізілуде.


🌱 Көшет материалдарын өсіру
Көшет материалдарын өсіру процесін жеделдету үшін тәжірибелік аумақта жабық тамыр жүйесі бар көшеттер өсірілуде. Бұл әдіс көшеттердің тіршілік ету қабілетін арттырып, оларды табиғи ортаға отырғызу кезінде бейімделуін жеңілдетеді.


🧹 Тазалық және күтім жұмыстары
Өсімдіктердің дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тұқымбақта тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар орман дақылдарының сапасын жақсартуға және аурулар мен зиянкестердің алдын алуға бағытталған