
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде браконьерлік фактісі тіркелді.
2025 жылғы 1 тамызда Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз аң аулау фактісін анықтады . Автокөліктің жүксалғышынан жабайы жануардың ұшасы (қарақұйрық) мен 12 калибрлі атыс қаруы табылды .
Оқиға орнына Ұйғыр АПБ мамандары келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.