Шарын МҰТП аумағына орнатылған фототұзақ сирек кездесетін әрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтардың еркін тіршілігін түсіріп алды. Кадрда олар топтасып жүріп, жайылып, сақтықпен айналаны бақылап тұрған сәттері анық көрінеді. Ал кейбірінің үсті су болып тұрғаны — олардың суаттан су ішіп шыққанын білдіреді. Тіпті кейбіреуі фототұзаққа жақындап, асықпай қызығушылық танытып, объективке тік қарап тұр.
🌿Жабайы табиғаттың әр бір сәтін бағалау, жануарларды қорғау – болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұрамыз!