Skip to content

Сирек кездесетін Түркістан сілеусіні Шарын паркінде бейнежазбаға түсірілді

?Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзаққа ерекше сәт тіркелді — Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілді.

? Сілеусін — түнгі өмір салтын ұстанатын, аса сақ аң. Оны табиғатта көзбен көрудің өзі үлкен сәттілік, ал фототұзаққа түсіру — өте құнды жаңалық.

? Шарын мемлекеттік ұлттық паркі табиғи биоалуандылықты сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осындай кадрлар — табиғатты қорғаудың тиімділігін көрсетіп отыр.