Skip to content

🌿 Табиғат тынысы – фототұзақ объективінде!

Ұлттық парктің Сартоғай аумағында орнатылған фототұзақ құрылғылары арқылы парк аумағында мекендейтін жануарлардың тіршілігі назарға алынды.

Жабайы қабандар мен олардың торайлары камераға түсіп қалды. Аналық қабандар ұрпақтарымен бірге ашық далада жайылып жүр. Бұл – көктемгі көбею кезеңінің белсенді жүріп жатқанын көрсетеді.

Таң сәріде камера объективіне жас елік түсті.

Бұл суреттер жабайы табиғаттың күнделікті өмірін, жануарлардың қозғалыс белсенділігі мен тіршілік орнын бақылауға мүмкіндік береді.

📷 Материалдар арнайы орнатылған фототұзақ құрылғылары арқылы жиналды. Табиғатқа зиян келтірмей, жануарларды мазаламай зерттеу – басты мақсатымыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *