“Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі” акциясы аясында Тиірмен қазақ орта мектебінің оқушылары Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі ерекше табиғи мекен — Шарын ерен тоғайына танымдық экскурсия жасап, табиғаттың көркем көрінісін тамашалап қайтты.
Бұл экскурсия оқушыларға тек табиғатты тамашалау емес, оны қорғау мен аялаудың маңызын түсінуге зор мүмкіндік берді.
Мұндай танымдық шаралар әр баланың жүрегіне табиғатқа деген сүйіспеншілік ұялатады. Табиғатты тек суреттен тамашалау аз – оны көзбен көріп, жүрекпен сезініп, қолмен қорғау қажет. Себебі табиғат – біздің өміріміздің негізі, ал оны аялау – әрбір саналы адамның парызы.
Табиғатты танып, аялау – әр ұрпақтың борышы!