📸 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзаққа бүркіттер түсірілді!
🦅 Бүркіт – Қазақстанның ең ірі жыртқыш құстарының бірі.
Ол 2000 метрден астам биіктікте еркін самғап, жемін жүздеген метр қашықтықтан байқайды.
Қазақ халқы бүркітті еркіндіктің, биік рухтың және айбындылықтың символы ретінде қадірлеген.
🌿 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — табиғаттың осындай баға жетпес байлығын қорғап, келер ұрпаққа аман жеткізуді басты мақсат етіп келеді.