Skip to content

🌷Табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар – сол…

🌷Табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар – сол табиғаттың өзіне ұқсас ерекше, жүректері Жер анадай кең, көңілдері бұлақтай мөлдір, талаптары таудай биік жандар.

🌷Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде еңбек ететін арулар – табиғатқа деген шексіз сүйіспеншіліктің, жауапкершілік пен табандылықтың жарқын үлгісі. Олар тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар туған жердің табиғатын көздің қарашығындай қорғап, оның әр тасына, әр бұлағына, әр тіршілігіне жанашырлықпен қарайтын жандар.

🌷Кейде күннің аптап ыстығында, кейде жел мен суыққа қарамай, табиғат аясында қызмет атқарып жүрген бұл арулардың еңбегі – үлкен құрметке лайық. Табиғатты қорғау жолында нәзіктік пен қайсарлықты қатар алып жүрген олардың әр күні – жауапкершілікке толы, ал әрбір ісі – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі қадам!