Skip to content

Табиғи тепе-теңдік күзетінде: Шарын паркінде жамансары құсы тіркелді

🦅Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау мақсатында мемлекеттік инспекторлар А. Амраев және О. Мереимов Мойынтоғай аумағында далалық бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында Жамансары құсының 4 балапаны анықталды.

🪶Жамансары, ақсары (лат. Buteo buteo) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Мекиені қанатының ұзындығы 42-45 см, салмағы 1 кг-нан асады. Қоразы оған қарағанда кішілеу келеді. Қанатының ұзындығы 33-38 см, салмағы 1 кг-ға жетпейді. Дене түсі қара-қоңыр, ұшы қаралау қанаттарының астында ақшыл шұбар дақ болады. Басқа өзіне тектес жыртқыштардан айырмашылығы — құйрығы қысқа, сұр не қоңыр түсті көлденең жолақты келеді. Ұясын ағаш басына салады. Мекиені мен қоразы 3-5 теңбіл түсті жұмыртқаны 1 айдай кезектесіп басып, балапандарын 40 күнде ұядан ұшырады.

🪶Жамансары — жыл құсы. Тамыз — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Наурыз — мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен т.б. жәндіктермен қоректенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *