Жас та болса өз ісінің маңызын терең сезінетін ол үшін орман – жай ғана табиғат емес, тіршіліктің бастауы, ұлт байлығы, ұрпаққа жететін аманат.
Дастанның табиғатқа деген сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасқан. Ерте жастан туған жердің тау-тасын аралап, ағаштың сыбдырын тыңдап өскен ол уақыт өте орманның адам өміріндегі орны ерекше екенін түсінді. Сол себепті өмірлік кәсібін де осы бағытпен байланыстырды.
«Орман – халықтың байлығы. Оны қорғау – біздің міндетіміз ғана емес, азаматтық парызымыз. Мен табиғатқа қызмет етуді мәртебе санаймын. Орман тынысы – ел тынысы», – дейді Дастан.
Оның еңбекқорлығы мен табиғатқа деген жанашыр көзқарасы жас буын үшін үлгі болары сөзсіз. Қандай ауа райы болса да, қиындыққа мойымай, туған жер табиғатын қорғауға үлес қосып жүрген орманшылар – нағыз ел патриоттары.