🔰Сәуір айының 10-шы жұлдызында “Таза Қазақстан” және “ Парктер шеруі” экологиялық акциясының аясында “Абай атындағы мектеп-гимназиясында” “Таза ел-таза болашақ!” атты ұранмен экологиялық іс-шара өткізілді. Шара аясында Шарын МҰТП директоры Г.Нысанбаева оқушыларды “Мектеп орманшылығы” ұйымына қабылдап,куәліктерін табыс етіп, жас орманшылармен бірге контейнерлерге тұқым отырғызып,мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
🔰Қоршаған ортаның тазалығы – кез келген елдің өркендеуінің, халқымыздың денсаулығы мен болашағының басты кепілі. “Таза ел – таза болашақ” деген сөз тек ұран ғана емес, бұл – әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін білдіретін терең мәні бар тұжырым.