Тиірмен қазақ орта мектебінде “Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі” табиғатты қорғау акциялары аясында “Таза ел – таза болашақ!” тақырыбында экологиялық іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары салтанатты түрде табиғатты қорғау жөнінде ант қабылдады. Сонымен қатар, экологиялық сана-сезімі жоғары, белсенді оқушылар “Жас эколог” ұйымының мүшелігіне қабылданып, оларға арнайы куәліктер салтанатты түрде табысталды.
Акция мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстарымен жалғасын тапты. Оқушылар мен мұғалімдер, ұлттық парк қызметкерлері бірігіп, ағаш көшеттерін отырғызып, мектеп аумағына абаттандыру шараларын жүргізді. Бұл игі іс оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық тәрбиенің маңызын терең ұғынуына ықпал етті.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы осындай тәрбиелік мәні зор шаралардың жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен табиғатты аялау сезімін қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.