🌱«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2025 жылы мектеп оқушыларымен бірлесе отырып 1000 дана бозарша тұқымы отырғызылған болатын. Биыл сол тұқымдар көктеп, алғашқы нәтижесін көрсете бастады. Отырғызылған тұқымдардың 60%-ы өніп шықты.
🌱Бұл – табиғатқа деген қамқорлықтың және бірлескен еңбектің нақты жемісі. Алдағы уақытта жас көшеттерді мектеп ауласына көшіріп отырғызу жоспарланып отыр.
🌱Бүгінгі кішкентай көшеттер ертең алып ағашқа айналып, табиғаттың көркеюіне өз үлесін қосады.
Табиғатты аялау – болашаққа жасалған игі қадам.