Skip to content

✅“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің…

✅“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері N5 Шонжы орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп, құстарға арналған ұя жәшіктерін жасап, табиғатты қорғауға бағытталған танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға құстар популяциясын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, құстарға қамқорлық жасау — қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бөлігі екені айтылды. Осындай тәрбиелік мәні зор жұмыстар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.