“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Қарадала орман шаруашылығы және аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесіп, 500 дана көшет отырғызды. Бұл игі іс туған өлкенің көркеюіне қосылған маңызды үлес болды.
Бұл бастама — туған өлкемізді көгалдандыру мен табиғатты қорғауға қосқан шынайы үлес. Табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!