Skip to content

🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН-ТАЗА БОЛАШАҚ!

🔰“Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында “Өнегелі ұрпақ” атты акция ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғау мәдениетін сіңіру, экологиялық сана мен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық және қоғамдық бірлікті нығайту болды.

🔰Акцияға Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебінің “Әкелер ұйымының” мүшелері, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен ұстаздар белсене қатысты.

🔰Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

🔰Әкелер мен балалардың бірлесе атқарған еңбегі — экологиялық тәрбиенің айқын көрінісі. Осындай шаралар арқылы жастарға туған жердің табиғатын аялау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау және ұжымдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру көзделеді.

🔰Бұл акция өскелең ұрпаққа үлгі боларлық іс болып, әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *