Skip to content

“Таза өзенге — таза жағалау” акциясы өткізілді

?Су ресурстарын қорғау мақсатында “Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі” экологиялық акцияларының аясында 21-ші сәуір күні, Тиірмен ауылында “Таза өзенге — таза жағалау” атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, өзен жағалауын тазартуға атсалысты.

?Акция барысында оқушылар өзен бойындағы қоқысты жинап, судың тазалығын сақтаудың маңыздылығы туралы мағлұматтармен танысты.

?Табиғи су көздерінің ластануы — бүкіл тіршілік иелеріне қауіп төндіретіні айтылып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

?Шараның негізгі мақсаты — жастардың экологиялық сана-сезімін арттыра отырып, су ресурстарын сақтау мен ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.