Skip to content

🍃Тоғайдағы тіршілік иелері

Сартоғай аумағында орнатылған фототұзақ құрылғыларына бірқатар сүтқоректі жануарлар тіркелді. Олардың қатарында:
🐗 Жабайы шошқа (Sus scrofa) – топырақты қопарып, тұқымдар мен тамырларды тарату арқылы өсімдіктер қауымдастығының жаңаруына ықпал етеді.
🦌 Елік (Capreolus capreolus) – бұта мен шөптесін өсімдіктермен қоректеніп, тоғай мен ашық алқаптар арасындағы экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
🦡 Борсық (Meles meles) – ін қазу әрекеті арқылы топырақ құрылымын өзгертеді, алқаптағы ұсақ жәндіктердің санын реттеуде маңызды рөл атқарады.
🐺 Шиебөрі (Canis aureus) – жыртқыш жануар ретінде ұсақ сүтқоректілердің, құстар мен жәндіктердің санын реттеп, экожүйеде табиғи реттеуші қызметін атқарады.
🐇 Қоян (Lepus europaeus) – шөпқоректі жануар ретінде өсімдіктердің таралуына және қоректік тізбектің сақталуына әсер етеді.

Бұл жануарлар тоғай биоценозының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті сақтауда ерекше маңызға ие.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *