Skip to content

Тохтахуновтар әулеті – 80 жылдық орман қорғау дәстүрін жалғастырып келе жатқан династия

80 жылға жуық табиғат қорғау саласына еңбек сіңірген Тохтахуновтар әулеті – нағыз орманшылар әулеті!
Әке жолын жалғап, орманға деген адалдық пен табиғатты қорғауды өмірлік миссиясына айналдырған азаматтардың бірі – Тохтахунов Арман Нариманұлы. Ол Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған күннен бастап абыройлы қызмет атқарып келеді.
Арман Нариманұлының табиғатқа деген сүйіспеншілігі тегін емес. Бұл қасиет оның тегінде бар:
– Атасы Тохтахунов Илахун – Кетмен орман шаруашылығында 10 жылдан астам еңбек еткен;
– Әкесі Тохтахунов Нариман – 10 жылдан астам Ұйғыр орман шаруашылығында қызмет атқарған;
– Өзі 1989 жылдан бері табиғат қорғау саласында адал еңбек етіп келеді;
– Бүгінде баласы Нариманов Диас осы саланы ЖОО-да оқып, отбасылық дәстүрді жалғастыруда.

Міне, мұндай әулетті ОРМАНШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ демей, не дейміз?! 🌿
Табиғатты қорғау – олар үшін жай жұмыс емес, өмірлік ұстаным.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *