🔰Түркияның Трабзон қаласында орман биоалуантүрлілігін ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларына негізгі бағыт ретінде енгізу жөніндегі өңірлік нұсқаулықтарды әзірлеу және осы нұсқаулықтарды қолдану бойынша аймақтық жұмыс кездесуі және оқу-тренингі өтті.


🔰Бұл іс-шараның басты мақсаты – орман биоалуантүрлілігін ұлттық саясатқа тиімді интеграциялауға бағытталған өңірлік нұсқаулықтар әзірлеу және оларды практикалық қолдану бойынша мамандардың әлеуетін арттыру.

🔰Кездесуге қоршаған орта, орман және биоалуантүрлілік саласындағы уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың және халықаралық институттардың өкілдері қатысты. Сарапшылар орман экожүйелерін сақтау, климаттың өзгеруіне бейімделу, экожүйелік қызметтерді бағалау, индикаторлар әзірлеу және трансшекаралық ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасты.

🇰🇿 Қазақстан тарапынан іс-шараға:
🔹 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы — Меирбеков Бексултан Нурланович
🔹 Орман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасының бас сарапшысы — Байкетаев Саян Ержанович
🔹 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры — Нысанбаева Гүлмира Нұралықызы қатысты.
